Жауапты туристер коронавирустың өсуіне әсер етпеді - зерттеу

© pixabay.com

Шетелге классикалық жолдамалармен қонақүйлерде демалған туристер коронавирус инфекцияның таралуына әсер еткен жоқ. Мұндай тұжырымды неміс Роберт Кох институтының (RKI) зерттеушілері жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шетелге классикалық жолдамалармен қонақүйлерде демалған туристер коронавирус инфекцияның таралуына әсер еткен жоқ. Мұндай тұжырымды неміс Роберт Кох институтының (RKI) зерттеушілері жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР басылымына сілтеме жасап.

Германияда жазғы демалыста COVID-19 ауруы айтарлықтай өсті. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, тіркелген инфекциялардың 48 пайызы шетелге саяхаттаумен байланысты болған.
RKI зерттеу нәтижесі классикалық түрде қонақүйлерде саяхаттайтын неміс туристерінің инфекцияның таралуына ықпал етпегендігін көрсетті.

"Бұған туристер демалған қонақүйлерде барлық эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталуы себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, қонақ үйлерде демалу жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатуға жол бермейді. Бұл туыстарына немесе достарына баратын сапарлардай емес. Мұндай демалыстағы қауіпті инфекциялар таралу қаупі екіншісіне қарағанда әлдеқайда аз", - делінеді зерттеуде.

Реклама
Реклама
TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная