Жасөспірімнің ұшақпен жол ортасына шұғыл қонғаны видеоға түсірілді

Видеодан скрин

АҚШ-та ұшаққа отырған жасөспірім шұғыл түрде көлік жолының ортасына қонып, аман қалды. Ұшақтың қонған жері видеоға түсірілді және оны Fox 29 Philadelphia YouTube арнасы жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та ұшаққа отырған жасөспірім шұғыл түрде көлік жолының ортасына қонып, аман қалды. Ұшақтың қонған жері видеоға түсірілді және оны Fox 29 Philadelphia YouTube арнасы жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға дүйсенбіде, 19 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-да болды. 18 жастағы ұшқыш Ландон Лукас Нью-Джерси штатындағы Оушен-Сити қаласының үстінен ұшып бара жатқанда ұшақты басқаруда қиындық туындаған.

Жас жігіт Оушен-Сити муниципалды аэродромындағы қосалқы қону жолағына бағыт алған. Алайда, аман қалу үшін мүмкіндігінше тезірек қону керек болады.

Реклама
Реклама

Содан кейін жасөспірім Нью-Джерсидегі "Болат пирс" жолына қонуды ұйғарады. Ол тасжолда көп көлік болмайды деп үміттенеді.

Куәгерлердің айтуынша, лайнер өте баяу қонған және өтіп бара жатқан көліктерге зақым келтірмеген. Видеодан теңіз үстінен өтетін көпірде көліктердің ортасында кішкентай ұшақ тұрғанын көруге болады.

Лукас ұшақ басқаруға берілетін лицензияны бірнеше ай бұрын алған.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная