Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Жасөспірім заңсыз парапланнан құлап, ауыр жарақат алды


Қырымдағы Ай-Петри тауының үстіртінде қайғылы жағдай болды. Кәмелетке толмаған қыз парапланмен ұшып, салдарынан омыртқасын сындырды және басқа да жарақат алды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған қыз демалысқа Алтай өлкесінен келген. Белсенді демалыс үшін ол 8 000 рубль (шамамен 46 мың теңге) төлейді. Алайда парапланер иесі құрылғының жарамдылығын тексермеген, ауа райын, қону алаңын ескермеген және ұшу алдында нұсқаулық жүргізбеген. Ол ұшу кезінде оны басқара алмай, ұшақтың құлауына және жасөспірімнің ауыр жарақатына әкеп соққан.

Алынған мәліметтерге сәйкес, қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды