15 шілде 2024 | 09:36

Жасөспірім қызға аю шапты. Оқиға жігітінің көз алдында болған

Midjourney

Жасөспірім қызға аю шапты. Оқиға мақұмның сүйіктісінің көз алдында болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасөспірім қызға аю шапты. Оқиға мақұмның сүйіктісінің көз алдында болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Румынияда қайғылы оқиға болды: Бучеджи тауларында 19 жастағы Мария Дианаға аю шабуыл жасаған. Қыз бен жігіті Спумоаса сарқырамасына шығып бара жатқанда, соқпақтан аю пайда болған.

Диана құтқару қызметіне хабарласып үлгерген, бірақ аюдың жақындағанын хабарлаған сәтте жануар оның аяғынан ұстап, 120 метр биіктіктегі жардан лақтырып жіберген. Құтқарушылар қыздың жарақаты ауыр болғанын және тірі қалмағанын растады.

Реклама
Реклама

Диананың жігіті оқиғадан зардап шекпегені айтылды. Ол аюды қорқытпақ болғанын, бірақ нәтиже болмағанын айтты.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қыздың денесін айналып жүрген аюды байқаған. Жануар агрессия көрсетіп, құтқарушыларға шабуыл жасамақ болған, сондықтан оны атуға тура келгені айтылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Реклама
Реклама