Жапонияда қар көшкінінің астында қалған екі турист мерт болды

Фото: pixabay.com

Жаңа Зеландияның үш турисі Жапониядағы тауда қар көшкінінің астында қалып қойып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Japan Times басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа Зеландияның үш турисі Жапониядағы тауда қар көшкінінің астында қалып қойып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Japan Times басылымына сілтеме жасап.

Алты шаңғышы 11 наурыз күні, дүйсенбіде Хоккайдо аралындағы курортта демалып жүрген. Кенеттен қар көшіп, топтағы үш турист үйінді астында қалды.

Зардап шеккендер тез табылды. Өкінішке қарай Жаңа Зеландияның екі тұрғыны ес-түссіз ауруханаға жеткізіліп, ес жимастан тіл тартпай кетті. Ал үшіншісі иық жарақатын ғана алып, аман қалды.

Реклама
Реклама

Жергілікті метеорологтар аймақта көшкін қаупі туралы ескерту жасамағаны анықталды. Қайғылы оқиғадан екі күн бұрын Хоккайдода қар жауды. Дегенмен 5-10 сантиметр шамасында жауған жауын-шашын қар көшкінін туындатпайтын көрінеді.

Қазір полиция мен ТЖМ бөлімі оқиғаның егжей-тегжейін анықтауға кірісті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная