Жапонияда екі ұшақ соқтығысты

Жапонияда Korean Air Lines A330 және Boeing 777 Cathay Pacific ұшақтары артқа жүру кезінде соқтығысты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі AviationSource News басылымына сілтеме жасап.

Әуекомпания өкілінің мәліметінше, Саппоро қаласының Нью Читос әуежайында Airbus A330-300 Korean Air Lines ұшағы артқа жүру кезінде тұрақта тұрған Boeing 777 Cathay Pacific ұшағын соққан. Оқиға 16 қаңтарда Хоккайдо аралының солтүстігінде болған.

Реклама
Реклама

Boeing Cathay Pacific ұшағы Саппородан Гонконгқа ұшу керек болған, алайда соқтығысу салдарынан екі ұшаққа да зақым келген.

Korean Air Airbus A330-300 (HL7702) and Cathay Pacific AW Boeing 777-300 (B-HNJ or B-HNW) sustained damage in a ground collision at Sapporo New Chitose Intl AP (RJCC), Japan. Korean flight #KE766 was pushing back from its stand when the left wingtip struck the tail of the… pic.twitter.com/4M6IwALCyt

— JACDEC (@JacdecNew) January 16, 2024

Корей әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың бортында 289 жолаушы болған, абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Ал Boeing 777 Cathay Pacific борты бос тұрған. Korean Air Lines өкілдері әлеуметтік желіде шағын жазба қалдырды.

"Нью Читос әуежайындағы KE766 рейсіне қатысты мәлімдейміз. Korean Air ұшағы артқа жүру кезінде Cathay ұшағын соқты. Зардап шеккендер жоқ, әуекомпания барлық құзырлы органдармен байланыс орнатты", - делінген әуекомпания өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!