Жапонияның Хоккайдо аралындағы таулы аймақтан университет студентінің денесі табылды. Кісі өліміне қоңыр аю кінәлі болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Mainichi басылымына сілтеме жасап.
2 қарашада Дайсенген тауынан университет студентінің денесі табылған. Екі күн өткен соң полицейлер оның 22 жастағы Канато Янаике екенін растады, ол із-түссіз жоғалып кеткен екен. Янаике бір танысына альпинизммен айналысуы бел буғанын айтқан. Студенттің көлігі тауға шығатын жолдың басынан табылған.
БАҚ мәліметінше, ол көп қан жоғалтудың салдарынан ағзаның шектімежедегі ахуалынан қайтыс болған. Полицейлер оны жабайы аю өлтірді деп күдіктенеді. Альпинистің мәйіті табылған жерге жақын маңайда тағы бір жануардың өлексесі табылған.
31 қазанда осы аумақта жабайы жыртқыш үш ер адамға шабуыл жасап, олардың денсаулығына зиян келтірген белгілі болды. Ер адамдар пышақпен қаруланып, қоңыр аюды қуып жіберген. Полицейлер осы екі оқиғаны байланыстырып, сол бір аю екі оқиғада болғанын болжайды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!