Жапония цифрлық көшпенділерге жаңа визалар ұсынады

pixabay.com

Келесі айда Жапония цифрлық көшпенділерге арнайы виза енгізеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Келесі айда Жапония цифрлық көшпенділерге арнайы виза енгізеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жапониялық иммиграция агенттігінің мәліметі бойынша бұл стандартты туристік визалардан (90 күн) гөрі Жапонияда ұзағырақ тұрақтағысы келетіндерге арналады. Соның арқасында шетелдіктерге осы елде алты ай бойы болып, Жапонияның кез келген жерінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл ретте тек жапониялық компанияда жұмыс істеу деген пункт қарастырылмаған.

Жаңа визалар Жапониямен салық және туристік келісімдер жасасқан 49 елдің цифрлық көшпенділері үшін қолжетімді болады. Виза алу үшін жыл сайын 10 миллион иеннен жоғары (32 миллион теңгеден аса) табыс болуы қажет. Сондай-ақ жеке медициналық сақтандыру болуы міндетті. Бағдарлама наурыз айының соңына дейін күшіне енеді деп жоспарланған.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек саяхатшылардың жұбайлары мен балалары Жапонияда онымен бірге бола алады. Уақытша резиденттерге Жапонияда тұруға ықтиярхат немесе мемлекеттік жеңілдіктерге құқық беретін сертификат берілмейді.

Цифрлық көшпенділерге арналған визалар ұзартылмайды. Мерзімі аяқталғаннан кейін кемі алты ай ішінде елден кету қажет. Осыдан кейін ғана, Жапонияға қайта оралғыңыз келсе, қайта өтініш беруге болады.

Nomadlist.com деректері бойынша қазір бүкіл әлемде 35 миллионға жуық цифрлық көшпенді бар. Олардың көпшілігі - Солтүстік Америка мен Еуропадан келген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная