Жапония шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді


Жапония билігі 8 қарашадан бастап шетелдік азаматтардың бір санатына елге кіруге рұқсат берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі 

8 қарашадан бастап Жапония елге жұмыс мақсатымен келген шетелдіктерге (Eligibility Certificate сертификаттарының иелеріне) іскерлік сапар немесе мәдени алмасу үшін кіруге рұқсат береді. Бұл ретте тиісті құзыретті министрліктен шақырушы тарап дайындайтын рұқсат беру құжаты болуы қажет.

Осы мақсаттармен Жапонияға кіретіндер 72 сағаттан аспайтын вакцина сертификатын, ПТР-тестін, сондай-ақ келгеннен кейін үш күндік карантиннен өтуі керек.

Жапонияға туристік мақсатта немесе таныстарына бару үшін виза берілмейді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды