Жапонияда теңіз жағалауында диаметрі 1,5 метр болатын белгісіз шар пайда болды. Белгісіз нысан тұрған жер қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Nishinippon басылымына сілтеме жасап.
Күдік туғызған шарды Сидзуока префектурасының Хамамацу қаласының бір ауданындағы жағалаудан жергілікті тұрғын тапқан, ол дереу полицияға хабарлаған.
Жергілікті БАҚ жариялаған суреттен оның қоңыр дақтары бар сары түсті шар екенін байқауға болады. Сондай-ақ, ол қатты шіріген. Оның екі жағында дөңес саңылаулары бар.
Бұл жер қоршауға алынып, қозғалыс шектелген. Оны мамандар тексеріп жатыр. Нысанның суреттері Жапонияның қорғаныс және жағалау күзеті мамандарына жіберілді.
Жапониялық жағалау күзеті бөлімінің мамандары әзірге шардың қалай және қайдан шыққанын білмейді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!