Желіде Жапония метросында түсірілген видео таралды. Әлеуметтік желі қолданушылары жапониялықтардың мәдениеттілігіне тағы тәнті болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
X (бұрынғы Twitter) аккаунттарының бірінде жарияланған видеоны 25 миллионға жуық адам қараған. Кадрларда метрополитеннен шығып бара жатқан көптеген адамды көруге болады. Алайда бұл видеода бір-бірін итеріп, айқайласып жатқан адамды көрмейсің. Керісінше, тұрғындар асықпай, өз кезегінен басып озбай жүріп барады.
"Өзара құрмет пен тәртіп туралы сөз қозғағанда Жапонияға тең келері жоқ шығар", - делінген хабарламада.
The respect and discipline in Japan may be second to none pic.twitter.com/WkKDrKxBB6
— Historic Vids (@historyinmemes) February 6, 2024Өкінішке қарай, жарияланған видео Жапонияның қай елді мекенінде және қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен, видео көпшіліктің көзайымына айналғаны хақ. Видеоның астында екі мыңнан аса пікір қалдырылған. Желі оқырмандары ел тұрғындарының "мәдениеті мен тәртібіне әркез сүйсінетінін" атап өтті. Кейбіреулері мұрағаттық видеоларымен бөлісті. Онда Жапония халқы жол қозғалысы ережелерін барынша сақтауға тырысатынын байқауға болады.
Tokyo, Japan scramble crossingpic.twitter.com/bvVAz0qAHp
— Shivaye ? (@shivaye01) February 6, 2024That's what I love about Japan pic.twitter.com/7WLFOhpJlQ
— Family Moments (@Family_viralvid) February 6, 2024Бұдан бөлек әлеуметтік желі қолданушылары Жапонияға келгенде қала көшелерінен қоқыс таппайсың дейді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!