Жапон халқының басқа ұлтқа үлгі боларлық 5 әдеті жайлы не білесіз?

Жапонияны көбінесе "параллель ғалам елі" деп те атайды: жергілікті тұрғындар ерекше еңбекқор, аниме көргенді сүйеді, шикі теңіз өнімдерін ерекше тәбетпен тұтынады, табиғатты тамашалаудан ләззат алады. Сонымен қатар, өмір сапасын жақсарту және күнделікті өмірге жаңа көзқараспен қарау үшін олардың кейбір әдеттерін бойымызға сіңірсек керемет болары анық. Бұл туралы толығырақ Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге баяндайды.

Ғаламшарға қамқорлық жасау

Күншығыс елінің тұрғындары қалдық полигондарынан толықтай құтылды. Мұның бәрі қоқыстың 90 пайызы қайта өңделгендіктен болды, әрбір жапондық мемлекеттің экологиялық жағдайына жауапты. Айтпақшы, мұнда қоқыс жинаушы мамандығы ерекше құрметке ие.

Реклама
Реклама

Ел ішінде тіпті "моттаинай" деген ұғым пайда болды, оның мәні: "Толық пайдаланбайынша, лақтырмаңыз". Бұл белгілі бір өмір салты, адамның қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынасы туралы философия.

Қоқыс шығаруға келетін болсақ, жапондықтар оған позитивті көзқараста, өйткені олар бұл процестің маңыздылығын түсінеді. Қоқыс жәшігіне бірдеңе салмас бұрын әрбір жапондық оны сұрыптап, содан кейін ғана белгілі бір түсті пакеттерге салуы керек. Содан кейін белгіленген күні оны ортақ үйіндіге апарады, ол жерден барлық қоқысты қоқыс тасушы машинамен алып кетеді.

Егер адам әртүрлі себептермен қоқысты дұрыс сұрыптамаса, қоқысты алып кетпейді. Тәртіп бұзушыға қомақты айыппұл салынады.

Фото:Varlamov.ru

Бірінші орында - сыйластық

Жапон мәдениеті бір-біріне деген құрметке негізделген. Иіліп құрмет көрсету осы сыйластықты білдіру үшін қолданылады және жапон мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жапондар бір-бірімен сөйлескенде, басқа адамды шынымен құрметтейтінін көрсету үшін иіліп тұрады.

Жапондар сөйлесіп тұрғанда жиі бас иеді. Жапон тілінде сөйлейтіндермен сөйлескенде, сіз оны қарым-қатынастың ажырамас бөлігі екенін сезінесіз.

Сондай-ақ, мұнда кезек күтпей немесе біреуді итеріп өтіп бара жатқан адамдарды ешқашан көрмейсіз. Барлығы бір-бірінің жеке шекарасын құрметтей отырып, кезек күтеді.

Фото:pe-so

Икигай

"Икигай" сөзін "өмірдің мәні" деп аударуға болады, бірақ ол әлдеқайда үлкен мағынаға ие, бұл - Жапониядағы бақыт философиясы. Осы тақырыпқа кітап арнаған жазушы Кен Моги икигайды "таңертең не үшін оянамыз" деген сұраққа жауап, яғни өмірдегі нағыз жан қалауыңды табу деп түсіндіреді.

Бұл қағида Окинава аралында көбірек жүзеге асырылады делінген, өйткені арал тұрғындарының ұзақ өмір сүруінің себебін икигай қағидасын жете танығандарының нәтижесі деп түсіндіреді. Аралдың ұзақ жасаған тұрғындары таңғы ас ішу болсын, немересінің жымиғаны, сүйікті жаттығуы, хоббиі болсын, кішкентай нәрселерге шынайы қуана білу.

Бұл қағиданың негізгі мәні де осында жатыр, көзі ашық, көкірегі ояу халге жетіп және өмірдегі өз мәнін табу үшін өмірімізді құрайтын, бір қарағанда ұсақ-түйектерді бағалай білуді үйрену өте маңызды.

Фото:pixabay

Кайдзен

Бұл жапондық кәсіпорындарда қолданылатын үздіксіз жетілдіру әдістемесі - үздіксіз жетілдірудің бес қағидасына негізделген тұтас жүйе. Дегенмен, күнделікті өмірде кайдзен көбінесе "бір минут қағидасына" дейін жеңілдетілген.

Бұл сіздің ұзақ уақыттан бері жасалу керек немесе жасағыңыз келетін, бірақ әлі де нәтиже бермеген ісіңізге күніне кемінде бір минут уақыт арнау дегенді білдіреді. Шет тілін үйрену, спорт, тоқыма тоқу және т.б. Бір минут өте аз және өте оңай. Ең бастысы - тұрақты айналысу. Бір минут бес минутқа, сосын жиырма, одан соң жарты сағатқа ұзарады... Осылайша, кішкентай қадамнан жапондықтар өмірді жақсы жаққа өзгертетін әдеттерге оңай қол жеткізеді.

Фото:pixabay

Салауатты тамақтану

Жапондықтар ең дені сау ұлт болып саналады, Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы 83,3 жасты құрайды. Еуропалық сарапшылар жапондардың ұзақ өмір сүруі мен денсаулығын ең алдымен дұрыс тамақтанумен байланыстырады.

Олар ешқашан артық тамақ жемейді. Жапондықтардың диетасы негізінен балық, күріш, соя, теңіз балдыры, жаңа піскен жемістер, көкөністер мен көк шөптен тұрады. Омега-3 полиқанықпаған қышқылдарға бай балықты пайдалану жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.

Тамақтану мәнері де маңызды. Аз мөлшерде тамақ ішу және таяқшалармен тамақтану тез тойып, аштықты сезінбеуге көмектеседі.

Денсаулықтың келесі құпиясы - сұйықтықты жеткілікті мөлшерде тұтыну. Жапондықтар көк шайды сүйіп ішеді. Оның құрамында ағзаның қартаю процесін бәсеңдететін, жүрек-қан тамырлары ауруларының және қатерлі ісік клеткаларының көбеюінің алдын алатын антиоксиданттардың көп мөлшері бар.

Фото:Envato.Elements

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.