Жанартау атқылағаннан кейін испан аралына мыңдаған турист келді

19 қыркүйектен бері жалғасып келе жатқан Испанияның Ла-Пальма аралындағы Кумбре Вьеха жанартауының атқылауы туристердің осы жерге деген қызығушылығын едәуір арттырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі El Pais басылымына сілтеме жасап.

Барлық бақылау алаңында ұзын-сонар кезектер пайда болды және жанартаудың атқылауын көргісі келетіндер жалға берілетін аралдағы барлық тұрғын үйге тапсырыс берді. Арал жолдарында кептеліс көбейді. Тек осы демалыс күндері шамамен 10 мың адам келеді деп күтілуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Volcano Cumbre Vieja (@volcanocumbrevieja)

Билік туристерді көруге қуанышты екенін айтты, өйткені олардан ақша ағыны табиғи апаттан туындаған кейбір экономикалық мәселені шешуге көмектеседі. Туристердің өздері де Ла-Пальмаға көмектесуге тырысады.

"Біздің көмегіміздің пассив тәсілі - мұнда келу, жанартауды көру, бірақ біз ақшаны қонақүйлерде, мейрамханаларда және автокөлік жалдау арқылы жұмсаймыз", - деді Фуертевентура аралынан келген туристердің бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Volcano Cumbre Vieja (@volcanocumbrevieja)

Ғалымдар атқылаудың тағы қанша уақытқа созылатынын болжай алмайтынын ескере отырып, туристік маусым өте ұзақ болуы мүмкін екені атап өтілді. Ғалымдардың бағалауынша, жанартау жақында басылмайды. Аралдың батысы лавадан ғана емес, бүкіл бетін жауып тұрған күлден де зардап шекті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Volcano Cumbre Vieja (@volcanocumbrevieja)

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!