Жаңа жылда Түркияның тау шаңғысы курорттары қалай жұмыс істейді?

© Shutterstock

Биыл Еуропада көптеген тау шаңғысы курорттарының жабылуына байланысты Түркияның қысқы курорттары әсіресе Жаңа жыл қарсаңында айтарлықтай сұранысқа ие болды. Алайда елдегі соңғы шектеулер туралы жаңалықтар турагенттер мен туристердің алаңдаушылығын туғызды. Өйткені тау шаңғысы курорттарының инфрақұрылымы жаңа жағдайда қалай жұмыс істейтіні және туристердің тамақтануы мен бос уақыты қалай ұйымдастырылатыны маңызды мәселе, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "АТОР" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл Еуропада көптеген тау шаңғысы курорттарының жабылуына байланысты Түркияның қысқы курорттары әсіресе Жаңа жыл қарсаңында айтарлықтай сұранысқа ие болды. Алайда елдегі соңғы шектеулер туралы жаңалықтар турагенттер мен туристердің алаңдаушылығын туғызды. Өйткені тау шаңғысы курорттарының инфрақұрылымы жаңа жағдайда қалай жұмыс істейтіні және туристердің тамақтануы мен бос уақыты қалай ұйымдастырылатыны маңызды мәселе, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "АТОР" басылымына сілтеме жасап.

Төрт тау шаңғысы курорты - Эрджиес, Паландокен, Улудаг және Карталкая - 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында толыққанды жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Қазір Паландокен және Эрджиес курорттарында шаңғы маусымы ашылды. Соңғы бірнеше күнде екі курортта да аздаған қар түскен, сонымен қатар жасанды қар құрылғылары да белсенді жұмыс істеп тұр. 

Реклама
Реклама


© Shutterstock

Улудаг курортында маусым әлі басталған жоқ, өйткені мұнда табиғи қар жеткіліксіз. Улудагта тек 23-27 желтоқсаннан бастап шаңғы тебуге болады. Болу провинциясындағы Карталкая курортында да жағдай осындай, әзірге тау шаңғысы курорты жұмыс істемейді, бірақ Жаңа жылға таяғанда оның жолдары шаңғы тебуге ашылады.

Осыған дейін Түркия Ішкі істер министрлігі елде енгізілген жаңажылдық шектеулер тек жергілікті тұрғындар мен мекемелердің жұмысына қатысты екенін, яғни туристер мен қонақүйлердің, оларды қабылдайтын туристік компаниялардың жұмысына әсер етпейтінін растады. Осыған байланысты, аталған төрт тау шаңғысы курорттарында тау шаңғысы станциялары мен көтергіштер, шаңғы локерлері (сақтау камералары), жабдықтарды жалға беру пункттері, басқа да жылжымалы инфрақұрылым жұмыс істейді, сонымен қатар қонақүйлер ашық болады. Курорттарға және олардан трансферлер әдеттегідей жүзеге асырылады. Бассейндердегі жағдай әлі толық анықталған жоқ, тау шаңғысы курорттарының көптеген қонақүйлерінде олар 31 желтоқсанға дейін жабық.


©Shutterstock

Курорттар мен қонақүйлерде туристерді тамақтандыруды ұйымдастыру

Төрт курорттың шаңғы аймақтарында және жақын қалаларда тамақтануда өзгерістер бар. Курорттардағы, Кайсери қаласындағы және Кападокиядағы қонақ үйлердегі мейрамханалар мен кафелер жұмыс істейді, бірақ онда тек сондағы қонақүйлердің меймандары ғана бара алады. Қонақүйлерден тыс кафелер мен мейрамханалар да жұмыс істейді, алайда тек алып кету немесе жеткізу үшін. Сонымен қатар, қалада тұратын туристер әрдайым супермаркеттен тамақ сатып ала алады, өйткені коменданттық сағат кезінде (31 желтоқсан - 4 қаңтар) көптеген супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері, сондай-ақ наубайханалар ашылады.

Жаңа жылға арналған алкоголь және ойын-сауық бағдарламалары

Мереке күндері шетелдік туристер алкогольді жақын маңдағы супермаркеттерден де сатып ала алады. Ең ыңғайлысы - Кайсери қаласында тұратын туристерге тиімді, өйткені бұл үлкен қала. Алдын ала ақпарат бойынша, әр курорт өзінің жаңажылдық бағдарламаларын "лайт" нұсқасында жоспарлайды. Бұл ретте жаңажылдық кезеңде отшашуларға тыйым салынады, бағдарламаларды өткізудің қалған шарттары нақтыланады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная