"Жаман еді, одан да нашарлады" - IATA әуе тасымалының жағдайы туралы

2020 жылдың соңына қарағанда биыл ұшаққа отырған туристер саны азайған. Жаппай вакцинация қарқын алып жатқанына қарамастан, жаңа вирус штамдары сапарға шығатындардың шектеулерін қатаңдатуға мәжбүрлеп отыр. Бұл туралы халықаралық әуе көлігі қауымдастығындағылар (IATA) мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Ұйым сайтында баспасөз хабарламасы жарияланды. Онда 2021 жылдың қаңтарында халықаралық жолаушылар тасымалына сұраныс 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 85,6 пайыз төмендегені жазылған. Бұл 2020 жылдың соңғы айымен салыстырғанда 0,3 пайызға көп.

"Биылғы маусым 2020 жылдың аяғындағы жағдаймен салыстырғанда нашар басталды. Шектеулердің қанша уақытқа созылатыны белгісіз болуы алдағы сапарларға әсер етеді. Мысалы, осы жылдың ақпанында солтүстік жарты шардағы жазғы туристік маусымға алдын-ала тапсырыс 2019 жылдың ақпан айындағы деңгейден 78 пайыз төмен болды", - деді IATA бас директоры Александр де Джуниак.

2021 жылғы қаңтарда 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда жалпы сұраныс 72 пайыз төмендеген. Бұл 2020 жылы болған құлдырауға қарағанда көп. Ішкі рейстерге деген сұранысқа келетін болсақ, биыл ол 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 47,4 пайыз қысқарды. Бұл 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 5 пайыз төмен.