Жалғыз саяхаттау үшін ең қауіпсіз елдер аталды

© pixabay

Өзге елге саяхаттау әрқашан да қызықты. Алайда демалыстың бүге-шігесіне дейін ойластырып, қауіпсіз екенін қадағалау керек. Traveldailynews.com порталы әйелдердің жалғыз саяхаттауына қауіпсіз елдер тізімін жариялады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзге елге саяхаттау әрқашан да қызықты. Алайда демалыстың бүге-шігесіне дейін ойластырып, қауіпсіз екенін қадағалау керек. Traveldailynews.com порталы әйелдердің жалғыз саяхаттауына қауіпсіз елдер тізімін жариялады. 

Жалғыз саяхаттау үшін ең қауіпсіз 10 елдің 80 пайызы Еуропада орналасқан. 50-дің 47 ұпайын жинаған Испания көш басында тұр. Екінші орында сәл ғана айырмашылықпен (46,65 балл) Ирландия екінші орынды қанағат тұтты. Содан кейін, Австрия, Португалия, Хорватия - 45,05, 44,45, 44,15 балл жинаған. Швейцария, Канада, Сингапур үздік сегізге кірді.  

Реклама
Реклама

Үздік ондықтың соңғы жағына Норвегия мен Франция жайғасты. Айта кету керек, Норвегия әйелдер үшін қауіпсіз ел ретінде ең көп ұпай (310) жинаған. Ал көш басында тұрған Испания бұл көрсеткіш бойынша небары 212 ұпай алған. 

Рейтинг қауіпсіздік көрсеткіштеріне негізделген, елдегі жекелей турлардың саны, TripAdvisor ұйымынан алған бес жұлдызды қонақүйлер мен өткізілетін шаралардың көрсеткіші ескерілген.

Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная