Жалға пәтер ұсынатын онлайн-сервис туриске жеті миллион доллар төледі

Airbnb жеке тұрғын үйді қысқа мерзімді жалға беру және іздеу үшін онлайн қызметі Австралиядан келген туриске зорлау оқиғасынан кейін жеті миллион доллар төледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Нью-Йоркте Австралиядан келген саяхатшы достарымен бірге пәтер жалдап,  кілтін жақын маңдағы дүкеннен алады. 24 жастағы Джуниор Ли бұрын осы пәтерде тұрған және сол кезде кілттің көшірмесін жасап алған. 2015 жылы Рождествоға қараған түні ол ваннада жасырынып, туристі зорлаған.

Компания бұл оқиға туралы білгеннен кейін жергілікті полиция бөлімімен байланысқа шығады. Сонымен қатар, Airbnb компаниясының басшылығы зардап шеккен адамға өтемақы төлеуді және оның Австралияға анасына оралуына көмектесуді бұйырды.

Ли зорлау үшін айыпталды, бірақ ол кінәсін мойындамады және қамауда қалды. Дегенмен бұл оқиғадан кейін Airbnb жалға берілетін тұрғын үй кілттерін беруді реттейтін ережелерді өзгертпеді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!