Жағажайда демалған туриске найзағай түскен

© pixabay

Хорватияға қызымен демалуға келген ұлыбританиялық туриске жағажайда демалып жатқан кезінде найзағай түскен. Mirror басылымының мәліметінше, бұл оқиған оның қызының көз алдында болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Хорватияға қызымен демалуға келген ұлыбританиялық туриске жағажайда демалып жатқан кезінде найзағай түскен. Mirror басылымының мәліметінше, бұл оқиған оның қызының көз алдында болған. 

47 жастағы әйел мен оның қызы танымал Сплит курортында демалып жатқан. Сол күні ауа райы кенеттен өзгеріп, шаңқайған күнді күркіреген бұлттар дереу жапқан. Демалушыларға толы жағажайда 10 минуттың ішінде ешкім қалмаған. Әйел қызын алып жүгіріп бара жатқан кезде оған найзағай түскен. 

Реклама
Реклама

Қуанышқа орай әйелге дереу медициналық көмек көрсетілген. Сол маңайда триатлоннан жарыс өтіп жатқан, сондағы дәрігер әйелді аман алып қалып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. 

Қазіргі уақытта әйел ауруханада жатыр, ол басынан ауыр жарақат алған және денесінің көп бөлігін күйік шалған. Алайда оның өміріне қауіп жоқ. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная