Жабық мемлекеттер жайлы не білесіз? Қандай елдер саяхатшыларды қабылдамайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бутан © pixabay.com/BoyKat Бутан © pixabay.com/BoyKat

Жыл сайын әлем аралап, саяхаттау жеңілдей түсті. Ең бастысы - уақыт, қаржы және виза. Дегенмен, жаһандану жағдайында да кез келген елге саяхаттап бар мүмкін емес. Кейбір елдер табиғаты мен ұлттық ерекшелігін сақтау мақсатында жабық болса, кейбіреуіне қарқынды жүріп жатқан соғыс салдарынан бару өте қауіпті. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисімен бірге әлемдегі ең жабық елдер жайлы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Жыл сайын әлем аралап, саяхаттау жеңілдей түсті. Ең бастысы - уақыт, қаржы және виза. Дегенмен, жаһандану жағдайында да кез келген елге саяхаттап бар мүмкін емес. Кейбір елдер табиғаты мен ұлттық ерекшелігін сақтау мақсатында жабық болса, кейбіреуіне қарқынды жүріп жатқан соғыс салдарынан бару өте қауіпті. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисімен бірге әлемдегі ең жабық елдер жайлы баяндайды.

Солтүстік Корея

Саяхатшылар үшін жабық жұмбақ мемлекет - бұл Солтүстік Корея, көпшілікке дәл солай көрінеді. Дегенмен, сіз аккредиттелген туроператор арқылы елге кіре аласыз. Ел ішінде турист гидсіз еркін жүре алмайтынын және қалаған жерді суретке түсіре алмайтынын түсінгеніңіз жөн.

Саяхатқа шықпас бұрын жергілікті ережелерді ескерген дұрыс, өйткені бұл елдің заңы қатал. Бірақ мұнда туристке шабуыл жасалу немесе тонау екіталай - Солтүстік Корея қылмыс деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі.

Түркіменстан

Түркіменстан да Солтүстік Корея сияқты әлемдегі туристер ең аз келетін елдердің бірі. Бұл мемлекеттің қатаң визалық саясатымен байланысты.

Елде саяхаттау кезінде кейбір аймақтарға бару туристік компания қызметкерлерінің жетекшілігімен ғана мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Ал кейбір аймақтар шетел азаматтары үшін жабық. Түркіменстан заңнамасы елге келетін туристерді бағдарламада көрсетілген қонақүйлерде ғана орналастыруды талап етеді. Кейбір нысандарды фото және видеоға түсіру үшін арнайы рұқсат қажет.

Айтпақшы, мұнда Солтүстік Кореядағы сияқты, тіпті үлкен қалаларда да қылмыс деңгейі өте төмен. Шетелдіктерге қарсы қылмыстар өте сирек кездеседі.

Бутан

Бутан Корольдігі Үндістан мен Қытай арасында Гималайда орналасқан. Елге кіруге рұқсат алу үшін айлап күтуге тура келеді. Бірақ әуесқой саяхатшылар айтқандай, Бутан көруге тұрарлық ел, өйткені бұл жерді «бақыт мекені» деп атайды.

Айта кетсек, елде болған әрбір күн үшін 250 доллар төлеу керек. Бұл сомаға тұру, тамақтану және гид қызметі кіреді. Бірақ Бутан тоталитарлық мемлекет емес, ол демократиялық мемлекет. Тек бутандықтар жаппай туризм олардың мәдениеті мен табиғатына зиянын тигізеді деп үрейленеді. Қомақты ақша төлеу саяхатшылар санын шектеудің ең тиімді жолы болып табылады.

Бутанға келгендер өздерін ерекше сезінеді. Теледидар мен интернеттің пайда болғанына жиырма жыл ғана болған. Жаһандану Бутанды өте баяу жаулап алуда, ел үкіметі шетелдік компанияларды ішкі нарыққа шығаруға асықпайды, көшеде адамдар негізінен ұлттық киіммен жүреді.

Сомали

Африканың солтүстік-шығысындағы осы аттас түбекте орналасқан және солтүстігінде Аден шығанағымен, шығысында және оңтүстігінде Үнді мұхитымен шектесіп жатқан ел. 2021 жылдың соңында International SOS Сомалиді тағы да саяхаттауға ең қауіпті елдер тізіміне қосты.

Дегенмен, Африка мемлекеті осындай қауіпті жерлерде ерекше эмоцияға ие болуы үшін қыруар ақша төлеп келетін туристер арасында танымал. Сомали олар үшін таптырмас жер: үздіксіз соғыстар, мемлекеттік төңкерістер және қарақшылардың кемені басып алуы сияқты шытырман оқиғалары әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойларды тартпай қоймайды.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная