Жабайы орманда жоғалған турист бес күннен кейін табылды

Бес күн бұрын жоғалған турист Калифорниядағы ұлттық парктің жабайы орманынан табылды. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

58 жастағы Джордж Дэвид Нулл (Джордж Дэвид Нулл) 15 мамырда Ангелес ұлттық орманына саяхатқа шығады. Сол күні кешке ер адам үйіне оралмаған. Содан кейін туыстары полицияға хабар берген. Ертесі Төтенше жағдайлар қызметі аумақты іздей бастады және орманның жанындағы тұрақтан хайкер көлігін тапты.

Басылымның мәліметінше, басында құтқарушылар оны таба алмады, сондықтан олар тікұшақпен іздей бастаған.

Нәтижесінде бес күннен кейін ер адам ұлттық саябақтың шалғай бөлігінде 300 мың гектарға жуық жерден табылды. Құтқарушылардың келгенін көрген соң, су жағасына тұрып, көк түсті көйлегімен сермеген.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!