Израиль COVID-19 жұқтырып, аурудан жазылған және оған қарсы вакцина салдырған туристерді мамырдың соңында елге кіргізе бастайды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, 2021 жылдың 23 мамырынан бастап Израиль коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған және оған қарсы вакцинацияланған туристер үшін шекараны ашады. Саяхатшылар екі рет ПТР-тест: біріншісі - елге ұшар алдында, екіншісі - Израильде тапсыруы керек. Сонымен қатар, олар келгеннен кейін антиденелердің болуын растайтын серологиялық тестен өту керек.
Мамырда Израиль белгіленген квотаға сәйкес туристердің шағын топтарын қабылдайды. Егер бұл тәжірибе сәтті болса, шетелдік қонақтардың келу квотасы артып, жеке саяхатшыларға кіруге мүмкіндік беріледі.
Қазір мамырда Израильге қай елдердің азаматтары бара алатыны белгісіз. Елдердің тізімі, туристер саны және басқа хаттамалар алдағы бірнеше күнде белгілі болады.