Израильдің басты әуежайы 2023 жылы цифрлық болады

Тель-Авив, фото pixabay.com

Израильдің басты Бен-Гурион әуежайы 2023 жылы цифрлық болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TravelPulse.com сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Израильдің басты Бен-Гурион әуежайы 2023 жылы цифрлық болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TravelPulse.com сайтына сілтеме жасап.

Израиль әуежайлар кеңсесінің (IAA) шенеуніктері Тель-Авивтен шамамен 14,5 шақырым жердегі Лод қаласында орналасқан Бен-Гурион әуежайы 2023 жылы цифрлық болады деп мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Бүкіл әлемде әуежайларда адам көп болғандықтан, саяхатшылардың сұранысы толық қанағаттандырылмайды және қызметкерлер жетіспейді. IAA цифрлық технологияға көшу - тіркеу және тексеру кезінде ұзақ жолдарды қысқартады деп шешті.

Қазіргі уақытта Бен-Гурион - Таяу Шығыстағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлардың бірі. IАA мәліметінше, 2022 жылы әуежай арқылы 18 миллион жолаушы өтеді, ал келесі жылы олардың саны 24 миллионға жетеді. Кеңес өкілдері жоспарланған цифрландыру процесінің арқасында онлайн және әуежайға келіп тіркеуден өткен жолаушылар үшін уақыт қысқарады дейді.

IAA деректеріне сүйенсек, жолаушылар чемодандарын жаңа дүңгіршектерде өлшей алады, қажет болған жағдайда артық салмақты әуекомпаниялардың әртүрлі рәсімдерінің талаптарына сәйкес төлей алады. Сонымен қатар, жүк белгілері мен жапсырмаларды басып шығара алады. Чемоданға арналған жапсырма конвейер ленталарының жанында сканерленеді, сол жерден багаж ұшақтың жүк бөліміне түседі.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная