Израильде вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған

© Reuters

Израильде кем дегенде 13 жергілікті тұрғын Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын салдырғаннан кейін бет жүйкесі біржақты сал болып қалғанын байқаған, - деп хабарлайды NEWSru.co.il

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Израильде кем дегенде 13 жергілікті тұрғын Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын салдырғаннан кейін бет жүйкесі біржақты сал болып қалғанын байқаған, - деп хабарлайды NEWSru.co.il

Дереккөз мәліметінше, вакцина салдырғандардың бірі вакцинациядан бірнеше минут өткен соң иек пен аузында біртүрлі сезім пайда болғанын айтқан.

Реклама
Реклама

"Мен онымен кем дегенде 28 сағат жүрдім. Ол мүлдем жоғалып кетті деп айта алмаймын, бірақ менде басқа ауырсыну жоқ", - деп келтіреді ер адамның сөзін жергіліті "Едиот Ахронот" газеті. 

Бет жүйкесі невриті немесе Белл сал ауруы - клиникалық зерттеулердің үшінші Pfizer вакцинасын салдырған адамда пайда болатын белгілі кері әсерлердің бірі.

Осындай кері әсерлерге қарамастан, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті тұрғындарды препараттың екінші дозасымен вакцинациялауды ұсынып отыр.

17 қаңтардағы мәліметтер бойынша, Израильде пандемия басталғалы 548 332 адам коронавирус жұқтырған. 4005 науқас қайтыс болды. Елде жаппай вакцинация 20 желтоқсанда басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная