Израильде тұтқынға түскен неміс қыз Шани Лук қайтыс болғаны хабарланды

Сурет әлеуметтік желілерден алынған

Израильде ХАМАС қозғалысының мүшелері тұтқынға алған Германия азаматы Шани Лук қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Израильде ХАМАС қозғалысының мүшелері тұтқынға алған Германия азаматы Шани Лук қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы оның анасы немістің RTL және NTV телеарналарына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, кеше қызымның енді тірі емес екені туралы хабар алдық", - деді Рикарда Лук. Әзірге бұл ақпарат ресми расталмаған.

Реклама
Реклама

Nature Party электрон музыка фестиваліне Израильге барған Шани Лукты палестиналық ХАМАС содрлары тұтқынға алған. Қыздың киімсіз жүк көлігінде жатқан кадрлары бүкіл әлемге тарап кетті. Болжам бойынша қыздың аяғы сынған. Қыздың жеке басы ата-анасының арқасында анықталған. Олар қызды шашы мен денесіндегі суреттен таныған.

Еске салайық, 22 жастағы Шани Луктың анасы қызының тірі екенін, бірақ Газа секторындағы ауруханада ауыр халде жатқанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная