Израильде миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Израильдің миллионыншы тұрғынына Хайфа округіндегі Умм-эль-Фахм қаласындағы вакцинация орталығында коронавирусқа қарсы вакцина егілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Миллионыншы адам - Мұхаммед Джабарин. "Өзімді керемет сезініп тұрмын", - деді ол процедурадан кейін.
 
Израильде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау 20 желтоқсанда басталған болатын. Бірінші кезеңде Pfizer вакцинасын медицина қызметкерлері, медицина саласында оқитын студенттер, гериатриялық мекеме қызметкерлері мен билік өкілдері алды. Екінші кезеңде 60 жастан асқандар мен қауіп тобындағы адамдар егілді.

Израиль шілдеде Moderna-мен болашақ вакцинаны сатып алу туралы келісімге қол қойған. Сонымен қатар, ел 1 қарашада коронавирусқа қарсы өз вакцинасының клиникалық сынақтарын бастады. Сынақтар үш кезеңде өтеді, соңғысы сәуір-мамыр айларына жоспарланған.
 
Одан бөлек, Иерусалимдегі Хадасса медициналық орталығы коронавирусқа қарсы ресейлік Спутник V вакцинасының 1,5 миллион дозасына тапсырыс бергені туралы хабарланды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берсе, аурухана вакцинаны шетелдегі бөлімшелерінде қолдануды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!