Израиль шетелдік азаматтарға кіруге рұқсат берді

© pixabay.com

8 наурыздан бастап Израиль шетелдік азаматтардың бірнеше санаты үшін шекараны ашты. Алайда, елге ұшу үшін арнайы өтінімді толтырып, жергілікті биліктің ресми мақұлдауын алу керек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Tourdom.ru сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

8 наурыздан бастап Израиль шетелдік азаматтардың бірнеше санаты үшін шекараны ашты. Алайда, елге ұшу үшін арнайы өтінімді толтырып, жергілікті биліктің ресми мақұлдауын алу керек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Tourdom.ru сайтына сілтеме жасап.

Мұндай хабарламаны ел үкіметінің баспасөз қызметі дүйсенбіде жариялады. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, туристерге бұрынғыдай Израильге баруға тыйым салынады. Жаңа шарттар тек мемлекет  резиденттері мен азаматтығы бар ерлі-зайыптыларға және олардың ата-аналарына, жарысқа қатысатын спортшыларға, шетелдік жұмысшыларға және елдің сыртқы саясаты мен қауіпсіздігі тәуелді тұлғаларға ғана қатысты болады. Бұрынғыдай, елге кіру үшін ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей ПТР-тест алу керек, ал келгеннен кейін жолаушылар 14 күн карантин ережесін сақтауы керек.

Сондай-ақ, билік осы жылдың басында вакцинация салдырған туристер үшін Өлі теңіз курорттары мен қонақүйлеріне келуге рұқсат беретін бірқатар жеңілдікті жариялады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная