Израиль 2021 жылдың ортасында туристерді күтеді

Израиль туристердің 2021 жылдың ортасында келуіне дайындалып жатыр. Бұл туралы ел үкімтінің туризм саласына қатысы бар өкілдері айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Коронавирус пандемиясына байланысты былтыр наурызда Израиль туристер үшін жабылды. Алайда экономика мен туристік саланы қайта қалпына келтіру үшін елде халықты вакцинациялау шаралары жаппай жүріп жатыр. 

"Израильдегі вакцинация қарқыны туристердің келуіне дайындық шараларын белсенді жүргізуге септігін тигізеді. Алдағы айларда біз қайтадан туристік ағымның пайда болуына куә боламыз деп үміттенеміз, бұл халықтың жұмыспен қамтылуы үшін өте маңызды және Израиль экономикасының қозғалтқыштарының бірі", - деді Израильдің туризм министрлігінің бас директоры Амир Халеви.

Иммундаудың белсенді процесі аясында туризм министрлігі 2021 жылдың ортасында туристердің елге кіру шараларын қалпына келтіру жоспарын жасады. Оған коронавирус кезеңінің жаңа шындықтарына бейімделу қадамдары кіреді: қонақүйлер құрылысы, жалпы құны 94 миллион доллардан асатын қонақүйлерге субсидиялар. Сонымен қатар, Израильдің туризм министрлігі израильдік модель Шир Эльмалиахтың қатысуымен "туризмді Израильге қайтарыңыз" науқанын бастады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shir Elmaliach (@shirelmaliach)