Италияның Портофино қаласында асықпайтын туристерге айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері - 275 еуро (135 265 теңге), - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі dailymail.co.uk басылымына сілтеме жасап.
Небары 369 мың тұрғыны бар кішкентай балықшылар ауылы өзінің теңіз өнімдерімен, сәнді бутиктерімен және жатын бөлмесінің заттарымен танымал.
Белгіленген екі "қызыл аймақтардың" бірінде кідіріп қалғысы келетін әрбір туриске айыппұл салынбақ. Шектеу 15 қазанға дейін күнсайын таңғы уақыттан кешкі 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Портофино мэрі Марио Виакаваның айтуынша, мұндай шара қаланы "көбірек эксклюзив" ету үшін емес, барлық келушілердің қала көркінен ләззәт алып, адамдар топтасуынан төнетін қауіптің алдын алу үшін жасалып жатқан көрінеді. Оның айтуынша жайбасар туристер селфи түсіремін деп, басқаларға кедергі келтіреді және жедел әрекет ету қызметтерінің жұмысына бөгет болады.
"Портофино біреудің меншігі емес - ол барлығына тиесілі. Мұны әрбір адам құрметтеуі керек", - деді Виакава.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!