Италияда вакцина паспортына қарсы жаппай наразылықтар басталды

Фото: Тourprom.ru

Италияда тұрғындар, соның ішінде туристер үшін вакцина паспортының міндетті түрде болуына қарсы жаппай наразылықтар басталды. Нәтижесінде, мыңдаған адам Рим, Милан және Триест көшелеріне шығып, талапқа қарсы наразылықтарын жеткізді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Италияда тұрғындар, соның ішінде туристер үшін вакцина паспортының міндетті түрде болуына қарсы жаппай наразылықтар басталды. Нәтижесінде, мыңдаған адам Рим, Милан және Триест көшелеріне шығып, талапқа қарсы наразылықтарын жеткізді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жақында Италия билігі 15 қазаннан бастап мемлекеттік және жеке секторда жұмыс істейтін барлық азаматтың Еуропалық Одақтың COVID-19 цифрлық төлқұжатының кеңейтілген нұсқасы болып саналатын Green Pass-ы болуы керек деп мәлімдеді.

SchengenVisaInfo сайтының мәліметінше, билік вакцинадан бас тартқандар және ПТР-тестінің теріс нәтижесін бере алмағандар, коронавирустан жазылғаны туралы анықтамасы жоқ адамдар жұмыстан шығарылатынын, қоғамдық орындарға жіберілмейтінін және бесінші күннен кейін төлем жасамау қаупі туралы айтты.

Реклама
Реклама

Азаматтар әр 48 сағат сайын жаңа COVID-19 сынағын өткізу өте қымбат болғандықтан, Үкіметтің шешіміне наразылық білдіру үшін көшеге шықты.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная