Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Италияда туристер жағажайдан құм мен айғұлақты жаппай тасып жатыр


Сардинияда туристер тыйым салу мен айыппұлға қарамастан, жағажай "ұрлығын" тоқтатпай отыр. Бұл туралы The Local жазады.

Экологтардың пікірінше, жаппай туризмнің оралуымен жағалаудан әкелінген ракушкалар, құм мен қиыршық тастың саны артты.

Мамандар биыл демалушылар кем дегенде алты тонна құмды алып кетті деп есептеді. 2017 жылдан бастап мұндай жағажай сувенирлеріне заңмен тыйым салынған және қорғалатын ресурстар ретінде жіктеледі. Құқықбұзушыларға 500-ден 3000 еуроға дейін айыппұл салынады, кейбір жағдайда түрме жазасы беріледі.

Алайда, қабықтарды жақсы көретіндерді тоқтату оңай емес. Тек шілдеде Альгеро әуежайында кеденшілер аралдың жағажайынан алынған 1,4 келі құм тәркіледі. Сондай-ақ, туристердің жүгінен 743 теңіз тасы, 43 қабыршаққ және тіпті салмағы 1,2 келі тас табылды. Заңсыз кәдесыйлармен ұсталған барлық жолаушыға айыппұл салынды.

Экологтардың айтуынша, құқықбұзушылардың көпшілігі - шетелдік қонақтар, олардың "жаман ниеті жоқ". Бірнеше себебі бар. "Шамасы, олар достарына мақтанып, үйде демалыс сезімін қалпына келтіргісі немесе аквариумын безендіргісі келеді".

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Гавайда ағаш бұтағы құлап, жеті адам жарақат алды Гавайда ағаш бұтағы құлап, жеті адам жарақат алды
Испания туристер үшін негізгі қысқы жағажай курорттарын жауып тастады Испания туристер үшін негізгі қысқы жағажай курорттарын жауып тастады
Туризм үшін қауіпті: жаңа вирус балаларға шабуыл жасай бастады Туризм үшін қауіпті: жаңа вирус балаларға шабуыл жасай бастады