Италияда тағы бір қала үйлерді бір еуроға сатады

Италияның Базиликата аймағында орналасқан Лауренцана қаласы жаңа тұрғындарды осы аймаққа көшуге шақыру үшін бос қалған үйлерді бір еуроға сатып жатыр, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы CNN арнасына жасап.

Италияда мұндай ұқсас схема көп және ережелер қалаға байланысты аздап өзгеруі мүмкін. Бірақ әдетте сатып алушылардан бірнеше мың еуро көлемінде депозит талап етіледі. Бұл сомалар үйді қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін оларға қайтарылады. Лауренцана билігі өтініш берушілер үшін процесті жеңілдету мақсатында осындай талаптан бас тартуға шешім шығарды.

Әр үйге қажетті жөндеу жұмыстарының көлемі әртүрлі және жөндеу жоспарлары сауда-саттыққа қатысқанға дейін бекітілуі керек. Егер сәтті болса, клиенттер үйді бір еуроға сатып алған сәттен бастап үш ай ішінде жұмысты бастап, оны үш жыл ішінде аяқтауы керек.