Италияда коронавирус өршуіне байланысты коменданттық сағат енгізілді

© Reuters

Италияда коронавирус өршуіне байланысты коменданттық сағат енгізілді, - деп хабарлайды DW.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Италияда коронавирус өршуіне байланысты коменданттық сағат енгізілді, - деп хабарлайды DW.

Италия аумағының эпидемиологиялық қауіптілік деңгейіне байланысты үш аймаққа бөлінгені, инфекция қаупі жоғары аймақтарда ішінара локдаун енгізілгені айтылады.

Реклама
Реклама

Осылайша, дереккөз мәліметінше, Италия билігі 6 қарашадан бастап бүкіл елде сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін коменданттық сағат енгізіп отыр. Мейрамханалар мен барлар, музейлер жабылатыны айтылады. Ал жоғары сынып оқушылары қашықтан оқуға көшеді.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Италияда 30 550 адамнан коронавирус анықталып, 352 науқас қайтыс болған. Ал пандемия басталғалы барлығы 790 377 адам коронавирус жұқтырған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная