Италияда кеме апатынан қаза тапқан 50-ден аса адамның денесі табылды

Италияның Стеккато-ди-Кутро курортты қаласының маңында кеме апатынан кемінде 59 босқын қаза тапты. Олардың арасында балалар да болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Adnkronos басылымына сілтеме жасап.

Иран, Пәкістан және Ауғанстан азаматтары болған кеме ауа райының қолайсыздығына байланысты Стеккато-Ди-Кутра жағажайы маңында апатқа ұшыраған. Басылым мәліметінше, шамамен 50 адам аман қалған, патрульді катерлер іздеу жұмыстарын бірнеше күн бойы жүргізген. Оқиға орнына полиция және карабинерлер, сондай-ақ Қызыл Крест мамандары барған. Қала басшысы "мұндай масштабта қайғылы оқиға болмағанын" айтады.

Сондай-ақ, ANSA агенттігі мигранттардың жексенбі күні таңертең Италияның оңтүстігіне келгенін жазды. Апат салдарынан адамдар толы балық аулау қайығы екіге бөлінген. Қаза тапқандардың денелерін теңізден және жағажайдан тапқан, олардың арасында "көптеген балалар мен әйелдер" бар. Аман қалғандардың айтуынша, қайықта кем дегенде 250 адам болған.

Қайық теңіздегі толқындардың салдарынан жартасқа соқтығысқан. Күдікті контрабандист қамауға алынды, оны карабинерлер растады. Ұлты бойынша Түркия азаматы. Тергеушілер екінші болжамды күдіктіні іздестіріп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!