Италияда экологиялық таза көлікпен саяхаттайтын студенттерге ақы төленеді

Италияның ең көне университеттерінің бірі Павия университетінің студенттері академиялық алмасу үшін басқа оқу орнына барарда экологиялық таза көлік түрін таңдаса, 100 еуро алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Европульс мәліметінше, мысалы, пойызбен бару үшін ұшақтан бас тарту керек. Павияда оқитын шетелдіктерге де ақша беріледі.

Университет академиялық алмасу бағдарламаларына қатысатын студенттердің кем дегенде үштен бірін қаржыландырады деп болжанады. Олардың көпшілігі Erasmus+ бағдарламасы арқылы оқиды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!