Фото: pixabay Фото: pixabay

Италияда екі жанартау атқылады


Италияда сәрсенбіде Стромболи мен Этна жанартауы атқылады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Стромболи жанартауының үстіндегі қара түтін түсірілген фото мен видеолар жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, жанартау атқылаған кезде күл, құм және басқа да жанартау материалдары шашылған. Сонымен қатар, Стромболидің батыс беткейінде кратерден лава қатты төгіле бастады. Онда шамамен 600 метр биіктікте лава теңізге жететіндей "от ағыны" деп аталатын ойық бар.

Стромболи жанартауы соңғы күндері белсенді түрде атқылай бастады. Аралдағы жағдайды Италияның ұлттық геофизика және вулканология институтының (Ingv) мамандары, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс қызметінің қызметкерлері мұқият қадағалайды.

Жанартаудың атқылауынан ешкім зардап шеккен жоқ және заттар бүлінбеген. Қазір Стромболи аралында 400-ге жуық адам бар, бірақ жазда туристік маусымда адам саны 3 мыңға дейін артады.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды