Италия билігі қателесіп, Ломбардияда қатаң карантин енгізген. Статистикалық мәлімет қате жасалғандықтан облыс бір апта бойы "қызыл" аймақта болған, - деп хабарлайды Euronews.
Өңір үкіметі мен әкімшілігі болған оқиғаға бір-бірін айыптап отыр. Римде Денсаулық сақтау ұлттық институты Ломбардия билігі ұсынған ақпаратты тексеруге мәжбүр болған. Ал Ломбардия губернаторы Аттилио Фонтана карантин соның арқасында жеңілдегенін айтады.
"Мен үкімет берген ақпаратты қайта қарау процедурасын бастадым. Біз ешқашан қате мәлімет берген емеспіз және ешқашан біздегі ақпаратты түзеген емеспіз", - дейді губернатор.
Жексенбіде ресми мәлімет қайтадан қарастырылғаннан кейін Ломбардия "сары" аймаққа оралған. Енді өңірде азық-түлік емес дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Сонымен қатар, губернатордың сөзінше, дүйсенбіден бастап мектептер де ашылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!