Коронавирус пандемиясына байланысты кішкентай ит 136 күн бойы өз иелерінен сырт қалған. Енді ол иелермен қауышты. Tengritravel.kz сізге иелері сүйікті итімен қайта қауышу үшін қандай қиындықтардан өткенін баяндап береді.
Австралиялық отбасы Пипсквик атты күшікті желкенді қайықпен серуендеу кезінде тауып алып, асыраған екен. Олармен бірге ит бірнеше ай өмір сүріп, 17 елді аралапты.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от No Plans Just Options (@noplans.justoptions) 21 Июл 2020 в 8:24 PDT
Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемге тарала бастаған кезде Эйлбектер отбасы Флоридада болған. Олар шекаралар жабылғанға дейін Австралияға оралуға мәжбүр болды. Өкінішке орай, Пипсквикті өздерімен алып кету біршама қиындықтар туғызды, өйткені итті алып кету үшін құжаттар мен лицензияларды дайындау ұзақ уақытты қажет етті. Осының салдарынан өз иелерінен 16000 шақырым алыс қалған Пипсквикті Эйлбектар үйге оралғанға дейін Солтүстік Каролинадағы Эллен Стейнберг атты адамға уақытша қарауға берді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от No Plans Just Options (@noplans.justoptions) 25 Июн 2020 в 8:35 PDT
Үш ай бойы Эйлбектер әлеуметтік желілерден Лос-Анджелеске ит тасымалдау үшін ерікті адамдарды іздеді. Ол жерден оған алдымен Оклендке, яғни Жаңа Зеландияға, ары қарай Австралияға, Мельбурн қаласына жету керек еді. Содан кейін Сиднейге аттану қажет болды, бірақ карантинге байланысты Австралия штаттары арасындағы шекаралар жабылды, ал жергілікті баспасөздегі хабарлама итті 10 күн ғана паналатуға келісім берген адамды табуға көмектесті. Содан кейін жергілікті авиакомпаниялар итті Сиднейге жеткізуді ұйымдастырды.
«Біз бұл әлемде көптеген жақсы бейтаныс адамдардың барына қуаныштымыз. Егер иттерді жақсы көретін көптеген адамдар бізге көмектеспесе, біз ешқашан итімізді әкеле алмас едік», - дейді иттің иесі Зой Эйлбек. Иттің саяхаты 136 күнге созылды. Отбасы пандемия аяқталғаннан кейін тағы бір сапарға шығуды көздеп отыр.