Испаниялық курорт демалыста COVID-19 жұқтырған туристердің шығынын өтейді

Балеар аралдары үкіметі (Испания) туристерді демалыста болған кезде COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайына байланысты тегін сақтандырады. Архипелаг билігінің мәліметінше, сақтандыру ковидпен ауырған шетелдік саяхатшыларға үйге қайту үшін көлік шығындарын жабады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР сайтына сілтеме жасап.

Басқаша айтқанда, егер турист тіркелген қонақүйде немесе пәтерде тұрып, демалыста ауырып қалса, коронавирустың оқшаулануы/емделуіне байланысты үйіне қайтатын рейстен қалып қойса, тағы билет сатып алу шығындары өтеледі. Сондай-ақ сақтандыру ковидтен қайтыс болған саяхатшының денесін қайтаруға байланысты шығындарды да жабады.

Коронавируспен ауыратын туристі үшін тегін сақтандыру үш тілде: испан, неміс және ағылшын тілдерінде аудармашының қызметтерін (қашықтан немесе жеке) қамтиды.

Сақтандыру аясында коронавирус инфекциясының жеңіл немесе асимптоматикалық түрі бар туристерге маусым бойы барлық аралдағы карантиндік қонақүйлерде тегін тұруға және тамақтануға мүмкіндік береді.