Испанияға баратын туристер ағыны 87 пайызға төмендеді

Қыркүйекте Испанияға туристік ағын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,1 пайызға төмендеді, жыл басынан бері құлдырау 74,9 пайызға жеткен, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz Ұлттық статистика институтына (INE) сілтеме жасап.

Қыркүйекте Испанияға 1,1 миллион шетелдік қонақ барған. Көбінесе француздар (389,7 мың адам, жалпы ағынның 34,2 пайызы), ұлыбританиялықтар (161 мың), немістер (90 мың).

INE мәліметінше, күздің бірінші айында Испанияға келген шетелдік саяхатшылардың шығындары 2019 жылмен салыстырғанда 89,9 пайызға төмендеген. 

Былтыр Испанияға барған туристер саны бойынша Франциядан кейін әлемде екінші орынға ие болды - 84 миллион адам барған.