Мальоркадағы Кальвия Испаниядағы жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты шағымдардың рекордтық саны тіркелген курортқа айналды, - деп хабарлайды Express.
Әлеуметтанушы және философия профессоры Алехандро Мигель Наварро тыйым салынған заттар қолданылатын кештерде туристерге шабуыл жасалатынына сенімді.
"Адамдар бір-екі апта ішінде қалағанын жасай алатынына сеніп, демалуға келеді. Үйде өзіне жол бермейтін нәрсені істейді", - деп хабарлайды Алехандро Наварро.
Мұндай қылмыстардың тіркелген жағдайларының саны Магалуфта және басқа танымал аудандарда, мысалы, Ибицадағы Сан-Антониода да көп.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!