Испанияда жағажайда бетперде кимеген туристерге айыппұл салынады

Испанияның курорттарына келуді жоспарлаған туристер бетперде режиміне қатысты жаңа ережелерді сақтауға мәжбүр болады. Бұл туралы бейсенбіде The Mirror жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Испанияда жағажайға немесе ашық бассейнге баратын кез келген адам күн батқан кезде де бетперде киюі керек. Ел үкіметі мемлекетте коронавирустың таралу қарқыны артуына байланысты осындай шараларды қабылдауға мәжбүр. Ережені бұзғандарға 100 еуроға дейін айыппұл салынады. Тек 6 жасқа дейінгі балалар мен созылмалы тыныс алу аурулары бар ересектерге бұл талап қойылмайды.

Жаңа ережелер құрлықтық Испанияда және архипелагтарда қолданылады. Балеар билігі мұндай шектеулерге наразылық білдіріп, саяхатшылардың демалудан бас тартуына әкелуі мүмкін деп мәлімдеді.