Испания шекарасы туристер үшін қашан ашылады?

Испания туристер үшін шекара ашуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Испанияның туристік агенттіктерінің конфедерациясы өкілдері айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Известия басылымына сілтеме жасап. 

Ел үкіметінің мәліметінше, жазда халықтың 70 пайызын вакцинациялау жоспарланған екен. Ковид-төлқұжаттардың пайда болуымен шекараларды ашу қауіпсіз бола түседі деген сенім бар. Алайда Испания бұл құжатты міндетті деп қарастырмайды. 

"Бұл халықаралық көлік қатынасын жандандыруға септігін тигізетін небары пайдалы элемент", - деді ведомство өкілдері. 


@Shutterstock 

Бірінші кезекте ел жақын еуропалық көршілері үшін шекараны ашуды қарастырып отыр. Ведомство мәліметінше, Испания үшінші елдердің сахяташыларын қабылдау үшін Еуроодақ елдеріндегі серіктестерімен бірге шешім қабылдайды.

Саяхатшылар үшін ПТР-тест тапсыру міндетті болады. Өйткені адам вакцина салдырғанның өзінде вирус тасымалдаушы болады деген кепілдік бермейді. Испанияның туристер үшін қоятын басқа да талаптарын мына жерден көруге болады. 


@Shutterstock

Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандықтар Испанияға ЕО азаматтарының отбасы мүшесі екенін дәлелдейтін қағазы болған жағдайда ғана кіре алады. Студенттер де осы елге келе алады. Басқа да мән жайды мына жерден оқи аласыздар. 

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.