Испания қатты нөсер астында қалды

Билік туристер мен су басқан провинциялардың тұрғындарынан үйден кетпеуін сұрайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

1 қыркүйекте Испанияның орталық және шығыс бөліктерінде нөсер жауып, қатты су тасқынына әкелді. Әсіресе Толедо, Таррагона және Кастельон провинциялары зардап шекті, үйлер мен жолдар су астында қалды.

Каталонияда күніне 1 шаршы метрге 77 литр жаңбыр жауып, қатты материалдық шығынға ұшырады: Сан-Карлос-Де-Ла-Рапитада бірінші жағалау сызығында орналасқан Els Alfacs лагеріндегі 12 бунгало сумен шайылды.

Renfe теміржол компаниясы сәрсенбіде Мадрид-Толедо бағыты бойынша пойыздардың қозғалысын тоқтатты және бейсенбіде осы бағытқа билет сатуға тыйым салды. El País ақпаратына сәйкес, сәрсенбіде Валенсия мен Барселона арасындағы алты пойыз да тоқтатылды.

Мемлекеттік метеорологиялық агенттіктің (Aemet) хабарлауынша, бүгін елордада нөсер жаңбыр жауады, бірақ негізгі соққы Толедо провинциясына тағы келеді. Сары немесе қызғылт сары дәрежедегі ауа райы қаупі елдің 15 провинциясында жарияланды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!