Испания жағалауында күзетшілер енді арбалет асынып жүреді

Испанияның курортты қаласы Бенидормда туристерді арбалет асынған аңшылар күзетеді - мұндай жаңалықты жергілікті БАҚ жариялады. Басты себеп - көптеп төлдеген қабандар, олар туристердің еркін қозғалуына айтарлықтай кедергі келтіріп жатыр.

Әйгілі әнші Шакира қабандардың шабуылына тап болғаны туралы әлеуметтік желіде жазғаннан кейін, көптеген адам осындай жағдайға душар болғанын айтқан. Осыдан кейін билік өкілдері жабайы жануармен күресетін қаражат іздестірген. Жергілік билік өкілдерінің мәліметінше, қабандардың саны артқан, сонымен қатар пандемия кезінде олар туристер жүретін аймақтарда (саябақтар мен гольф алаңдарында) өмір сүруге бейімделген. 

Туристердің оралуымен қақтығыстар жиілеп кеткен - соның біреуі поп-жұлдыз Шакира. Ол былтыр Барселонада осындай бір келеңсіз оқиғаға тап болған. Ол саябақта өзіне екі қабанның шабуылдағанын және сөмкесіндегі бар затты (ұялы телефоны да болған) талқандаған. Әнші мен оның 9 айлық баласы зардап шекпеген, ал испаниялық курорттық аймақтардың билік өкілдері қабандармен күрес үшін қандай әрекеттерге баратынын білмей дал болған. Өйткені Бенидорм сияқты қалаларда көптеген адамдар қабандар "шапқыншылығына" тап болғанын жазған. 

Қабандарды арнайы құрылғылармен ұстауға тырысқан, алайда оның нәтижесі төмен болған. Бұл аймақтарда жануарды аулау үшін қару қолдануға заңмен тыйым салынған. Осы орайда шенеуніктер ерекше шешім тапты: фермерлердің дақылдарын отап жатқан жағдайда, жол-көлік оқиғасына себепші болғанда, гольф алаңдарын бүлдіріп жатса және туристерге шабуыл жасаған кезде садақ пен арбалет асынған аңшылар көмекке келеді. Олар спорттық аңшылық федерациясында тіркелген мамандар.