Испания жағажайларында туристерге салынатын айыппұл жаға ұстатты

Фото: pixabay.com

Испаниялық БАҚ танымал Бенидорм курортының жағажайларында туристерге қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі TourProm сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Испаниялық БАҚ танымал Бенидорм курортының жағажайларында туристерге қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі TourProm сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш курорттың жағажайында демалыс уақыты шектеулі екен. Егер туристер түн ортасы мен таңғы сағат 07.00 аралығында теңізде шомылып жүрсе, 370-тен 600 мың теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Жергілікті билік органдарының мәліметінше, шектеулер қауіпсіздік мақсатында енгізілді. Сондай-ақ бұл уақытта қызметкерлер жағажай аумағын тазалайды.

Жергілікті БАҚ атап өткендей, Бенидормның көптеген жағажайында туристерге не істеуге болмайтынын еске салатын белгілер орнатылған. Сондықтан оларға назар аударған жөн. Өйткені қомақты ақшаңыздан айырылу мүмкіндігі жоғары. Мәселен, курорттарда темекі шегуге тыйым салынған. Егер ұсталсаңыз, сізге 1 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Теңіздегі қызыл жалау маңында жүзіп көрмек болған батырларға 483 мың теңге айыппұл міндеттеледі. Ал жағажай волейболын арнайы алаңдардан тыс жерлерде ойнағандарға 58 мың теңге төлеуге тура келеді.

Жағажайда сусабынмен және сабынмен келген туристер экологияны ластағаны үшін 313 мың теңге төлейді. Тіпті, теңізде кіші дәрет сындыратындарға да 72 450 теңге шамасында айыппұл қарастырылған екен. Бірақ мұндай заңбұзушылық қалай тексерілетіні беймәлім.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная