Наурызда атқылай бастаған Фаградальсфядль жанартауы орналасқан жер сатылымға шығарылды. Мұндай сауданы учаске иесі - исландиялық отбасы жариялап отыр. Бұл туралы Bloomberg жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz.
Ел билігі атқылау орнын туристер үшін көрнекті орынға айналдыру мақсатында 560 000 доллардан аса қаражат бөлуге дайын.
"Бұл жер қолайлы бағамен сатылып жатыр және бізге қазірдің өзінде екі ұсыныс түсті", - деді жер иесі Анна Тордис Гудмундсдоттир.
Әйелдің айтуынша, Жер бірнеше ұрпақ бойы оның отбасына тиесілі болған және бұрыннан бері сатуды жоспарлаған.
Жер иелері туристерге қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін билікпен ынтымақтастық орнатқан және егер адамдарға қауіп төнбесе, өз жерінде жаяу серуендеуге рұқсат етеді.