Иран әуежайлары жұмысын қайта бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Alarabiya мәліметінше, Иранның Азаматтық авиация ұйымының ресми өкілі Джафар Язарлу әуе кеңістігінің қауіпсіздігін мұқият бағалағаннан кейін бұрын енгізілген шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданғанын атап өтіп, рейстердің қайта басталғанын растады.
"Ұшу үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз еткеннен кейін және шектеулерді алып тастағаннан кейін әуекомпанияларға жұмысты қайта бастауға рұқсат етіледі", – деп келтірді оның мәлімдемесін мемлекеттік агенттік.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Көлік министрлігі қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуді ұсынған болатын.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!