Иорданияда ең үлкен аквапарк ашылды

Фото: pixabay.com

Шілде айының басында Иорданиядағы Ақаба курортында Эйлат тауына қарайтын Saraya Aqaba аквапаркі ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шілде айының басында Иорданиядағы Ақаба курортында Эйлат тауына қарайтын Saraya Aqaba аквапаркі ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Аквапарк - жағалаудағы ең үлкен парктердің бірі. Оны Farah Experiences компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерінің жобаларына ұқсас етіп салған.

Жалпы ауданы - шамамен 30 000 шаршы метр, онда ойын-сауық үшін 25 нысан орналасқан. Қызыл теңіздің бүкіл аумағында Saraya Aqaba-да орнатылған аттракциондардың баламасы жоқ.

Реклама
Реклама

Dead Sea Drop сырғанағы әр туристі таңғалдырады, ол тігінен орналасқан және оның ұзындығы - 12 метр. Сондай-ақ, сырғитын ең биік төбе - Рella Plunge. Басқарушылардың айтуынша, оның бойымен түсу ауырлық күшіне бағынбайды.

Сондай-ақ, 12 жасқа дейінгі балаларға арналған Aqua Jerash арнайы алаңы бар. Мұнда үлкен шелек, сарқырамалар, орамалы слайдтар және басқа да ойын-сауық қарастырылған.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная