Индонезияның Мерапи жанартауы бір айда екінші рет атқылады

© pixabay.com/Jonathan-Smit

Индонезияда Мерапи жанартауы бір айда екінші рет атқылады. Салдарынан ел үкіметі адам шығынын болдырмау үшін әуежайды жабуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индонезияда Мерапи жанартауы бір айда екінші рет атқылады. Салдарынан ел үкіметі адам шығынын болдырмау үшін әуежайды жабуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың қаза болуы немесе мемлекеттің инфрақұрылымының зардап шеккені туралы ақпарат жоқ. Алайда ел үкіметі жергілікті тұрғындар мен туристерге жанартау орналасқан жерден алшақ жүруге кеңес берді.

Реклама
Реклама

Өткен айдың басында Мерапи жанартауының атқылауынан 23 адам қаза тапқан еді. Олардың арасында 11 турист болды. Апат болған жерден 50 альпинист құтқарылды.

Мерапи Индонезияның Суматра аралында орналасқан әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі саналады.

Индонезия - жанартаулар жиі атқылайтын және жер сілкіністері жиі болатын "Тынық мұхитындағы отты шығыршық" деп аталатын өлкеде орналасқан мемлекет. Жалпы Индонезия аумағында 130-ға жуық жанартау бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная