Индонезияның Baltik Air әуекомпаниясының екі ұшқышы әуеде 28 минутқа ұйықтап кетіп, жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі AFP агенттігіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 25 қаңтарда Сулавеси аралынан ел астанасы Джакартаға ұшып бара жатқанда болды. Абырой болғанда, борттағы 153 жолаушы мен экипаж мүшелері зардап шекпеген.
Агенттіктің мәліметінше, бірінші ұшқыш әріптесінен демалып алуын өтінген. Рұқсатын алғаннан кейін ұшақ тізгінін оған сеніп тапсырған. Алайда екінші ұшқыш та ұйықтап кеткен. Бірнеше минут өткен соң, Джакартадағы басқарма орталығы ұшақпен байланысуға тырысқан, бірақ жауап ала алмаған.
Бірінші ұшқыш оянған кезде, яғни 28 минуттан кейін ғана ұшқыштармен байланысу мүмкін болды. Ол бірден әріптесін оятып, басқару орталығына жауап беріп, ұшу бағытын реттеді. Оқиғадан кейін ұшақ аман-есен әуежайға қонды.
Осы жайттан кейін ұшқыштар жұмыстан уақытша шеттетілгені белгілі болды.
"Біз Индонезиядағы Baltik Air және басқа да операторлардың түнгі рейстерін зерттеп, тексереміз", - деді әуекомпанияның бас директоры Кристи Энда Мурни.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!